ҰҚСАҒЫМ КЕЛЕТІН АДАМ ТАПТЫМ...)
ҰҚСАҒЫМ КЕЛЕТІН АДАМ ТАПТЫМ...)

Мен еліктегім келетін адамды ұзааақ іздедім. Бір кездері ақындармен ауырдым. Абай, Мағжан, Мұқағали, Төлегендердің біраз өлеңдерін жаттап алып, айтып жүрдім. Сосын бір кездерде жазушыларға көштім. Мұхтар, Ғабит, Сәбиттерден бастап, Мағауин, Оралхандарға дейін ішінде еліктемегенім қалмаған шығар. Одан кейін бір уақытта әлемдік тұлғаларға қызыға бастадым. Ганди, Толстой, Черчилль, Мұхаммед Әли, Мандела... ой, тізсем кете береді. Ақыры не керек, олардың бәрінен кемшілік табылды. Тек жақсы жақтарын алып, өзімше кемшіліктеріне көз жұма қараған болдым. Ал қазір, мен өзім еліктегім келетін, өзіме бүкіл жағынан да үлгі болатын кемшіліксіз адамды таптым. Ол - екі дүние сардары, адамзаттың ең асылы Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбар! 

Ол (с.а.с.) көркем мінезді болатын;

Ол (с.а.с.) аманатқа берік еді;

Ол (с.а.с.) балажан болатын;

Ол (с.а.с.) кешірімді еді;

Ол (с.а.с.) мейірімді болатын;

Ол (с.а.с.) жомарт еді...

 Ертең Сүйіктіміздің (с.а.с.) туған күні! Ендеше Оған (с.а.с.) лайық құрмет көрсетіп, ораза ұстайық, тәһажуд намазына тұрайық, көөөөп, көөөп салауат айтып сәлем жолдайықшы! Онымен (с.а.с.) ақыретте Кәусар бұлағының түбінде кездесіп: "Я, РасулАлла! Мен Сенің (с.а.с.) үмбетіңмін ғой" дегім келеді жарқырап тұрып... АЛЛА бәрімізді соған жеткізсін! Әмин! 

Ал сіздер Нәбиімізге (с.а.с.) тән қасиеттерді "Ол (с.а.с.) осындай болатын" деген күйі жалғастыра беріңіздер!)

пайғамбар, мәуліт, еліктеу, кемшіліксіз
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 жыл бұрын 7186
3 пікір
Блог туралы
0
790257 262 418 11189 167