ДӘРІГЕРДІ ЖОЛЫНАН ҚАЛДЫРҒАН ҒАЖАЙЫП ДҰҒА
ДӘРІГЕРДІ ЖОЛЫНАН ҚАЛДЫРҒАН ҒАЖАЙЫП ДҰҒА

Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерен еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа отырады. Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан соң ұшатын еді. Ызалы түрде: «Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын» дейді ашуға мінген дәрігер. Әуежай қызметкерлері баратын қаласы 6 сағаттық жерде екенін, қаласа машина жалдап бара алатынын айтты. Хусейни асығыс жолға шығады, бірақ  қатты жаңбыр жолды көрсетпей, ақыры соңында селдің салдарынан көлік жолда жүре алмайтын жағдайға жетті. Дәрігер жолдың шетіндегі ескі бір үйдің есігін қағып, жылдам ішке кірді. Үйде картаң бір әйел отыр еді. Дәрігер асығыс түрде оған: «Телефоныңды бере тұршы, қоңырау шалуым керек», деген кезде әйел: «Балам-ау, көрмей тұрмысың? Бұл жерде телефон түгілі электр қуаты да жоқ. Келе ғой біраз демал, тамақ іш, шәй іш содан кейін ол жұмыстарыңды көре жатарсың», - дейді. Жігіт шарасыз түрде қартаң кісінің айтқандарына келісіп, біраз жылынып, тамақтанып болып шәй ішіп отырған уақытта әйел кісі намаз оқып, ұзаааақ дұға етіп, Аллаға жалбарынды. Хусейни назар салып қарап әйелдің бір бесікті тербетіп жатқанын және бесікте қимылсыз кішкентай нәрестенің жатқанын көрді. «Мұншалық жылап дұға қылардай не жағдай болды? Мынау кімнің баласы, апатай?" – деп сұрайды. Қартаң әйел: "Бұл – анасынан да, әкесінен де жетім қалған немерем. Ауыр дерті бар. Жақын маңайдағы ешбір дәрігер емін таба алмады. Ишан Хусейни деген дәрігер бар екен, емін тек сол біледі дейді. Бірақ ол өте алыста, оған жету үшін бірнеше күн жол жүру керек. Шарасыздан «Алла бұл сәбидің дертін жеңілдетіп, шипасын берсін» деп Аллаға дұға қылудамын. Сол сәттер дәрігер Хусейни көз жасына ерік берген еді, екі бетін жас жуған күйі: «Тұр апатайым. Алла сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатып, ұшақты жерге қондырды, аспаннан жаңбыр жауғызып,  жер жүзін селге айналдырып, мені сізге алып келді» деген екен. Алла құлдарына қалағанын осылайша береді. Бүкіл жолдар жабылып қалған болса да көктерді жаратқан Аллаға сыйын! Әр нәрсенің шешуі - дұға! 

дәрігер, дұға, ауру, Алла, мейірім, қабыл, пәкістандық
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 жыл бұрын 69345
12 пікір
  • Керемет! Алла бәрінен Пәк!!!
    9 жыл бұрын
  • Әсерлі!
    9 жыл бұрын
  • Еріксіз көзді жасқа толтырып, ойландырады екен. Көп рахмет!
    9 жыл бұрын
  • Керемет!
    9 жыл бұрын
  • Иә, керемет оқиға! Бірнеше рет оқысам да әр кез көзіме жас келеді...
    Аллаһ разы болсын!
    9 жыл бұрын
  • Бүкіл жолдар жабылып қалған болса да көктерді жаратқан Аллаға сыйын! Әр нәрсенің шешуі - дұға!
    9 жыл бұрын
    • Иәәә, дұрыс айтасыз. Бірақ біз сол дұғаға немқұрайлық танытып, табандылық көрсете алмаймыз ғоой((
      9 жыл бұрын
  • Керемет оқиға екен. Кеше мешітте осы дұғаның қабыл болуына қатысты шағын уағыз айтылған еді. Бар мәселе - тәубе мен истиғфар екен. Истиғфары көп болған адамның дұғалары қабыл болып, күтпеген жерден ризық-несібеге тап болып, ойламаған жерден проблемалары шешіледі екен.

    Бірде имам Ахмад сапарда түнге қалып қояды. Сол заманда да құптаннан кейін мешітті бүгінгідей құлыптап кетеді екен. Имамның барар жері болмаған соң таң намазына дейін болайын деп қанша өтінсе де, күзетші қояр да қоймай шығарып жіберген екен. Сөйтіп, имамды жолдың мына бетіндегі наубайханадағы жігіт көріп қалады. Ол жігіт таңға дейін қамыр илеп, нан пісіріп, таң намазынан кейін үйіне қайтады екен.
    Имам Ахмадты шақырып алады да, таңға дейін қонуға рұқсат береді. Жігіт қамыр илеп жатса да истиғфарын айта береді екен. Таңда немесе сол түн ішінде (нақты білмедім) имам Ахмад жігіттен неге истиғфар айта беретінін сұрайды. Сонда жігіт:
    - Бұл истиғфар деген керемет болды. Дұғаларым қабыл болып жүр. Тек бір дұғам ғана қабыл болмады.
    Имам қандай дұға екенін сұрап еді:
    - Осы уақытқа дейін қабыл болмай жүрген дұғам - имам Ахмедті көру еді, - деп жауап берген екен. Имамның аты белгілі болған шақ болса керек.

    Имам Ахмедтің оқиғасында қате кеткен болса, түзеп жіберіңіздер, бауырлар!
    9 жыл бұрын
  • Алла ұлық!Расымен керемет оқиға екен.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
790257 262 418 11189 167