Түсімде Алла тағаланы көрдім. Одан: "Уа, Раббым! Саған бізді не нәрсе жақындатады?" деп сұраған едім, Ол: "Менің Құранымды оқу" деп жауап берді. Мен қайтадан: "Түсініп оқу ма, жоқ әлде түсінбей оқу ма?" деген ем, Ол: "Түсініп оқу да, түсінбей оқу да" деп жауап берді. Бұл - Имам Ахмад ибн Ханбалдің түсі. Ма ша Аллах! Ізгі адамдар ізгі түстер көреді ғой. Бұл жазбаны қойын дәптеріме Ғазалидің "Ихия ғулумаддинінен" осыдан бір жарым жыл бұрын жазып қойыппын. Бүгін дәптерімді парақтап отырып, осы жолдарды оқып, Алла тағаланың бізге жасаған жеңілдігі мен шексіз мейіріміне тағы бір шүкіршілік еттім... Әлхамдулиллаһ!
ТҮСІМДЕ АЛЛА ТАҒАЛАНЫ КӨРДІМ...
|
10 комментариев
-
Абдусамат ҚасымМарфуға екеуміздің осы сәттегі ойлаған нәрсеміз бірдей болып шықты. Екеуміз де "Құран оқу" жайында жария етіппіз. Сәйкестікті қараңыз, мен блогыма "Құран оқу" туралы жазып жатқанымда, сіздің бұл жазбаңыздың шыққанынан хабарсыз едім.9 лет назад
-
Марфуға ШапиянМа ша Аллах, аға! Керемет!9 лет назад
-
Бек Бағытжановжалпы Алланы тек қияметте көрмей ме? Жұмаққа кіретіндер. сонда қалай? Алланы түсінде көру мүмкін екендігі туралы аят хадис бар ма?9 лет назад
-
Бақ БЕРЖалпы түсте Алла тағаланы көру өңінде Жаратушы иенің бір құдіретіне ашық куә болу ретінде жорылады екен. Түс жору кітаптарында осылай деп түсіндіріледі...9 лет назад
-
Марфуға ШапиянМа ша Аллах! Пайғамбарды түсімізде көруді армандаймыз, Алла тағала түсімізге кірсе тіпті, есіміз ауып қалатын шығар))9 лет назад
-
Ханшайым МуратоваМен бұрында кішкентай кезімде түсімде күн шығар жақты және ол жерде бір ағаш тұр сол жаққа қарап тұрмын. Сол кезде маған "Егер жақсы болсаң тілегіңді қабыл етемін" деген дыбысты естідім. Қабыл етемін дегеніне қарағанда Алла түсіме кірдіме деп ойладым. Бірақ Ұллы Алла тағалам түсіме кіріуі мүмкін емес шығар деп ойлап жүрдім. Алла түсіме кірген деп ойлауға қорқам.9 лет назад
-
Марфуға ШапиянМа ша Аллах!9 лет назад
-
B. KeneskyzyМенің алты жасымда атам қайтыс болды, сонда үйде күнде Құран бағышталады. Сөйтіп Фатиха мен Ықылас сүрелерін жаттап алғанмын. Намазға жығылатын жылы түсімде қайта-қайта Фатиха сүресін айтып жатқанымды көретінмін. Көп ұзамай Алла менің маңдайымды сәждеге қоюымды нәсіп етті.9 лет назад
-
Марфуға ШапиянҚандай керемет! Аян түс болған болды ғой!9 лет назад
-
B. KeneskyzyАлланың берері таусылмасын. Енді Пайғамбарымызды бір рет түсімде көрсем арманым жоқ. Өзіңіз айтқандай жүрегім тоқтап қалатын шығар.9 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.