АЛЛА ҚУАНТҚАН ЖҰЛДЫЗДЫ ОТБАСЫ
АЛЛА ҚУАНТҚАН ЖҰЛДЫЗДЫ ОТБАСЫ

Бұл отбасыны барлықтарыңыз танисыздар. Қазір атын атасам, "Е, солар ма? Мен оны білем ғой" деуіңіз мүмкін. Бірақ біздің бүгінгі әңгімеміз олардың танымалдылықтары туралы емес. Осы отбасындағы талай жылғы арманның орындалғаны, тілектерінің Алла тарапынан қабыл болғаны туралы. Әйелі айтады: 

- Армандар орындалады! Мен мұны 100 пайыз сенімділікпен айта аламын! Тіпті үміттің соңғы жібі үзілгелі тұрса да... ол сөзсіз орындалады. ...Соңғы жылдары мүлде көтере алмай жүрдім. Күнтізбе де санадық, емделмеген жерім қалмады, біз деген тіпті ЭКО-ға да бардық қой. Болмады. Кейде арманың тым жақындап келіп, сағымға айналады да, қол бұлғап кете салады. Көтеріп, түсік тастағанымды айтам. Осыны ғана ойлай беретінің сондай, бір күні өзің де шаршайды екенсің. Жылдар болса зымырап өтіп жатады. Ал сенің арманың сол орындалмаған күйі қала береді. Тіпті үлкен қызыңның жасы 20-ға келеді. Міне, осы кезде мұның барлығының саған ғана байланысты емес екенін түсінесің. Түсінесің де, тағдырыңа мойынсұнып Жаратқанға: "Мен арманымды саған тапсырдым, Алла! Қаласаң орында, қаламасаң орындама. Мен үшін ненің қайырлы екенін Сенен артық білетін ешкім жоқ. Мен сенің кез келген шешіміңе разымын" дейсің. Осы сәтте арманыңды, тілегіңді "Аллаға шын тапсырдың ба, жоқ па?" деген тексеріс жүреді. Иә, сен тапсырып қойғансың. Арада қанша уақыт өтсе де "арманым орындалмады" деп күйзелмейсің. Керісінше, ашық жүрекпен, жақсы көңіл-күймен, барыңа шүкір етіп ары қарай өмір сүре бересің. ...Арманымның орындалғанының бір ғана құпиясы бар: дұғаңда тілегіңді ғана сұрай бермей, күнде осы барың үшін Аллаға шүкіршілігіңді айт, күнде-күнде, шын ниетіңмен! Ешкімді күндеме, біреудің жетістігіне қуан, жақсылық істе, қайырымдылықпен айналыс, айналаңа мейірім тарат... Міне, осы кезде ғажап жағдай орын алады, сенің есігіңді арманыңның өзі келіп қағып тұрады. Бір кезде жаныңа тыныштық бермеген,  кейін жаныңның бір түкпіріне жасырынып қалған өзіңнің арманың! 

Армандарыңыздан ешқашан бас тартпаңыздар! Тағдырыңызды Жаратқанға тапсырыңыз да, құлшылық етіңіз! Бәрі бір Алланың қолында! " 

Олардың үш қызы бар еді. Олар бар жан-тәндерімен ұл баланы қалайтын. Алланың қалауымен осы жылдың 19-қазаны күні ұлды болды. Кімдер туралы айтып тұрғанымды іштеріңіз сезіп тұрған шығар. Иә-иә. Ерлан Көкеев. Алла тағала тілектерін қабыл етті. Ал орындалған арманның құпиясы жоғарыдағы әйелі айтқан әңгімеде тұр... Ма ша Аллах! 

Армандайық! Армандарымызға Аллаға тапсырайық! Ал Ол сөзсіз біздерді панасыз қалдырмайды! 

 

Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
7 лет назад 7412
2 комментария
  • Армандар орындалады. Ия арманнан бас тартпай, Жаратқанға шын ықылыспен шүкір етсек, Алла бізді рахметіне бөлері хақ.
    Қуаныштары баянды болсын. Жүрегім жылып қалды. Бұл да бір сабақ болар оқиға екен.
    7 лет назад
О блоге
0
748717 262 418 11189 167