Құран оқудың қандай пайдасы бар?
Құран оқудың қандай пайдасы бар?

Жасы егде америкалық мұсылман қарт немересімен шығыс Кентукки тауларында тұрыпты. Қария таңғы уақытын Алланың кітабын оқумен өткізеді екен. Ал немересі барынша атасына ұқсағысы келіп, оның іс-қимылын қайталайтын көрінеді. Бірде бала: "Ата, мен де саған ұқсағым келіп, күнде Құран оқимын, бірақ мағынасын түсінбеймін. Есіме сақтағанымның барлығын кітапты жаба сала ұмытып қаламын. Құран оқудың қандай пайдасы бар?" деп сұрайды. Пешке көмір салып жатқан атасы, кілт тоқтап балаға бұрылады да: "Көмір таситын себетті ал да, өзенге барып, сонымен су алып кел", - дейді. 

Атасының айтқанын қалт жібермей орындайтын бала өзенге барып, себетіне су толтырып алады. Бірақ су үйге жақындамай-ақ себет арасынан ағып кетеді. Бос келген немересіне жымия қараған атасы: "Үйге қарай тезірек жүруге тырыс" деп оны өзенге қайта жібереді. Бала жанұшырып жүгіріп келсе де, үйге жеткенше себетте су қалмайды. Атасына "себетпен су тасу мүмкін емес" деген балаға шелекке ұмтылады. Қарсы болған атасы: "Маған шелек емес, себет керек. Сен әлі де барыңды салмай жатырсың", - дейді. Қанша тырысса да себетпен су тастудың мүмкін еместігін дәлелдемек болған бала себетті толтырып алып бар күшімен үйге қарай жүгіре жөнеледі. Сосын әдеттегідей бос қалған себетті атасына көрсетіп: "Көрдің бе, ата? Еш пайда жоқ" дейді шарасыздықпен. "Сен әлі де ешқандай пайда болмады деп ойлайсың ба? Себетке қарашы өзің", - дейді атасы. Себетке үңілген бала оның ішінің де, сыртының да көмірдің қара дақтарынан тап-таза болғанын көреді.  "Балам, Құран оқығанда да тура осылай болады. Сенің ештеңе түсінбеуің, тіпті есіңде ештеңе қалмауы мүмкін. Бірақ ол сені өзгертеді. Ішкі дүниеңді, сыртқы болмысыңды да. Осылай Алла тағала Құран арқылы бүкіл өміріңе өзгеріс енгізеді", - деді даналықпен...

 

Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
8 лет назад 7466
3 комментария
  • машаАллаһ, Марфуға! Құран көбірек оқуға ынталандыратын керемет жазба екен!
    8 лет назад
    • Рахмет, Данияр! Бұл жазбаны оқып, бір адам да болса Құранға ынталанса, біздің мақсаттың орындалғаны ғой!)
      8 лет назад
  • МашаАллаһ! Осымен менің білетін оқиғаларымды жазып жатқаныңыз бірінші рет емес. Бірақ сіз оқиғаның барлық мәліметтерін толықтырып жазатыныңызды байқадым. Менің білгенім тек қана оқиғаның мазмұны болатын. Кімдермен, қай жерде орын алғаны жайында мағлұмат жоқ. Ал сіз барлық мағлұматтарын қайдан аласыз?
    8 лет назад
О блоге
0
790257 262 418 11189 167
Прямой эфир