ШҮКІРДІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ АЙТАСЫЗ?
ШҮКІРДІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖИІ АЙТАСЫЗ?

Бала кезімде біреудің бірдеңесіне қызықсам немесе "Неге бізде сондай жоқ? Мұндай жоқ?" деп шағым жасасам, апам: "Осы күніңе шүкір де. Бұған жете алмай отырған қаншама адамдар бар" деп үнемі тәубеме түсіріп отыратын. Расымен, ондайда бірден тоқтай қалып, тәубеме келмегеніммен, апамның сөзіне кәдімгідей ойланып, қолымда бар дүниенің бағасын біліп қалатынмын :)

Ал кейін Құрандағы:

 
و اذ تاذن ربكم لئن شكرتم لازيدنكم و اذ تاذن ربكم لئن شكرتم لازيدنكم 


яғни, "Егер шүкірлік етсеңдер, нығметтерімді арттыра беремін, ал егер күпірлік етсеңдер, азабым қатты" деген аятты оқып, апамның "шүкірлік даналығын" қайдан білетінін түсінгендей болдым)) Біз шүкір еткен сайын Алла Тағаланың бізге берері де көбейе түседі екен ғой!

Ең қызығы, Құрандағы осы бір қарапайым формуланы Батыстың жетістікке жеткен көптеген адамдары өз тәжірибесінде жиі қолданатынын байқадым. Анау "Секреты успеха", "Хватит ныть...", "Правила самоорганизации", "Измени свой мозг" деген кітаптардың барлығында "Шағым жасай берме, рахмет айтуды үйрен, шүкірлік күнделігін жүргіз" деген кеңестер береді. Тіпті, өзім толтыратын мынау "Дневник успеха" деген күнделігімде де күніне "Шүкірлік" бетін толтыруым міндеттелген. Яғни, мен күнделікті сол күні не нәрсе үшін Аллаға алғыс айтқым келсе, соны осы күнделігіме жазып қоямын. Осыдан кейін успешный болмай көр!))) Алла өзі шүкіршілік айтсаңдар, несібеңді арттырамын деп тұрса... :) Батыстың анау білгілерлері мұның қайдан біліп алған деймін ғой ;)

Ал Daniyar Zhigitbekтің бір жылдан бері "Шүкірлік күнделігін" жүргізетінін білемін. Ол сол күнделігіне күніне 10 шүкірлік жазады және олар қайталанбауы тиіс. Сонда жыл соңына Данияр 2000-ға жуық шүкірлік жазып шыққан ғой. Және бірде-біреуін қайталамаған! Міне, керемет!

Ал сіз ше? Шүкірлік күнделігін жүргізесіз бе? Шүкірді қаншалықты жиі айтасыз? :)

‪#‎Рамазан_Құран_айы‬

‪#‎бүгін_мені_ойлантқан_аят‬

#‎құранды_оқып_қана_қоймай_ой_да_жүгіртейік‬

шүкір, шүкіршілік, шүкірлік күнделігі
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
8 жыл бұрын 6786
1 пікір
  • Арнайы жүргізбеймін. Бірақ мына аласапыран дүниеге қарап шүкір айтпау мүмкін емес.
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
790257 262 418 11189 167