Кран құлап қайтыс болған мысырлықтың Меккеде өлсем деген арманы болыпты...
Кран құлап қайтыс болған мысырлықтың Меккеде өлсем деген арманы болыпты...

Ол қажылыққа баруды ниет етіп ұзақ уақыт ақша жинапты. Тіпті қолында бар затын, ең аяғы күнін көріп отырған жеріне дейін сатқан. Одан: «Өзің болсаң, кетіп барасың. Барлық заттарыңды саттың. Сен жоқта қыздарың күнін қалай көреді?» деп сұрағандарға: «Мен оларды Аллаға тапсырдым, Алла – ұлы әрі әділетті» деп жауап берген көрінеді.

Бұл мысырлық жігіт ағасының «қасиетті жерде өлсем, сонда жерленсем» деген арманын, тіпті сенімін талай адам естіген көрінеді. Құдайдың құдіретін көрмейсіздер ме, ол өзі армандаған Мекке қаласында кран құлап қайтыс болғандардың ішінде болды. Құлының өзіне тапсырып кеткен қыздарын Алла тағала да қараусыз қалдырмады. Олар Сауд Арабия корольдігінен компенсация үшін марқұмдардың отбасына берілетін 2 миллион фунт ақшасын алды.  

Мысырлық қажының бұл оқиғасы туралы кувейттік шейх Омар Халифа аш-Шайиджи өзінің твиттеріне жазыпты. Ол ғана емес, мұны іліп әкеткен өзге де басылымдар мысырлықтың иманына, тағдырына қызығып «Ол Аллаға тәуекел еткен еді, Алла уәдесінде тұрды. Алла – уәде орындаушылардың ең ұлысы ғой!» деп жазып жатты... 

Мекке, қажылық, өлім, арман, Тәуекел, Кран, мысырлық
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 жыл бұрын 5010
0 пікір
Блог туралы
0
790257 262 418 11189 167