ӘЗІРЕТ ӘЛІНІ АҢ-ТАҢ ЕТКЕН ОҚИҒА
ӘЗІРЕТ ӘЛІНІ АҢ-ТАҢ ЕТКЕН ОҚИҒА

 Әзірет Әлі 40 жігітпен 40 күн серуен құрғанда 4 түрлі жағдайға тап болады деседі. Біріншісі: алдынан қашқан ақсақ ат. Үш аяқтап шапса да қырық жігіттің бірінің тұлпарына жеткізбепті. Тіпті басқадан суырылып шыққан Әзірет Әлінің Дүлдүлін жақындатпапты. Екіншісі: бір міскін отын теріп жүреді. Арқасындағы ағашы ауыр. Бірақ бұл дем алуға тоқтаған сайын арқасындағы ағашты азайту орнына тағы қосып ауырлата түседі. Үшіншісі: бір жылан кездеседі. Әзірет Әлі дырау қамшымен белінен ұрса да анау өлу орнына жоғары шапши түседі. Тіпті үзеңгіге жетіп қалады. Қамшыны тағы бір сілтегенде сасқалақтаған Әзірет Әлінің қолы қалт кетіп, жыланның басына қамшы орнына бармағы тиіп кетеді. Сонда жылан сұлқ құлап, өз жөнімен жорғалайды. Төртіншсі: далада жатқан бір қобдиша. Жігіттер оны іліп кетпек болған, ешқайсысы көтере алмайды. Болмаған соң Әзірет Әлі өзі келіп, ат үстінен еңкейіп, тұтқасынан көтермек болады. Көтерген қайда, Дүлдүлдің төрт сирағы түгел жерге батып барады, ал сандық орнынан бір елі жылжымайды. Содан бұлар жабылып көтере алмаған сандықты есек мінген бір шал келеді қолындағы құрықтың ұшымен көтеріп, алдына өңгеріп кете береді. Қырық жігіт тағы аң-таң. Сонымен төрт түсініксіз нәрселердің сырын сұрайды. Сыры былай екен. Ақсақ ат - дүние, мүлік. Қалай қусаң да саған ешқашан жеткізбейді. Қол-аяғың бүтін болса да толық қуып құрықтай алмайсың. Отын - күнә. Ауыр күнәлар арқалап келесің, бірақ әр жолы оны жеңілдету орнына үсті-үстіне қосып ауырлата түсесің. Жылан - әйелің. Ұрған сайын өршелене береді, ал басынан сипасаң болды өз жөнімен жүре береді. Төртінші: қобдиша еді ғой. Белі мықты ат мінген жастар жабылса да көтере алмайды, ал есек мінген жаман шал құрықтың ұшымен іліп алып кете беретін. Қобдиша - даналық. Түр мен күшке қарамайды, өмірлік тәжірибе мен білімге ғана көнеді. 

Қайнар Олжайдың фейсбукке жазғанынан

жылан, даналық, әзірет әлі, қамшы, дүлдүл
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 жыл бұрын 8594
3 пікір
Блог туралы
0
790257 262 418 11189 167