ҚАТТЫ СӘБИ СҮЙГІСІ КЕЛГЕН АДАМНЫҢ ОҚИҒАСЫ
ҚАТТЫ СӘБИ СҮЙГІСІ КЕЛГЕН АДАМНЫҢ ОҚИҒАСЫ

Менімен жұмыста тамаша бір ағай істеді. Мінезі де көркем, жұмысы да тыңғылықты, намазын да қаза етпейтін сондай бір жақсы кісі болатын. Әйелін де танитынбыз. Редакцияға жиі келіп тұратын. Ол кісімен де тез тіл табысып кеттік. Бірақ сол бір әдемі жұп баяғы ертегілерде айтылатындай бір перзентке зар болды. Ортада сыйлы болған соң ба, бәріміз жақсы көрген соң ба, редакциядағы бәріміз іштей де, сырттай да олардың сәбилі болуына тілекші едік. Менің өзімнің есіме намаз кезінде басқа емес, сол ағай түсетін де, ерінбей дұға ететінмін. Сөйтіп жүргенде, екеулерінің шаңырақ көтергеніне 10 жылға жуық уақыт өтіп, үміттің жібі үзілер тұсқа келгенде, жұбайы жүкті болып, дүниеге ұл әкелді. Бұл енді ол кісі үшін ғана емес, бәріміз үшін үлкен қуаныш еді. Әрине, біздікі жай болар)) Бірақ олар үшін расымен бақытты сәт еді. Кейіннен редакцияда бір шәй үстінде осы әңгіме көтеріліп кетті де, баяғы өзімнің журналистік қызығушылығымнан туындаған, бұрын қоюға дәтім бармайтын "Бала болмай жүргенде әйеліңізбен ажырасу туралы ой келмеді ме?", "Қандай сезімде болдыңыз ол кезде?" деген сұрақтарды жаудырамын ғой баяғы. Сонда ағай көп нәрсені ашық айтып, емделмеген дәрігері, бармаған емшісі қалмағанын, тіпті Салтанат Байқошқароваға барып, бірнеше рет ЭКО жасатып көргендерін әңгімелей келіп: "Соңында тек Аллаға үміт арттық, барымызды салып намазымызда тіледік. Өйткені Алла қаламаса, Ол өзі бермесе, пенденің қолында ештеңе жоқ екенін түсіндік. Ең кереметі сол, Алла мені сол жылдар бойы сынаған болар деп ойлаймын. Қалай ұлым дүниеге келді, солай шаруам да түзелді, Алматыдан үйім де болды, көлік те алдым. Адам мұнша да бақытқа кенеледі екен ғой... Аллаға шүкір" деп сөзін аяқтады. Тыңдап отырған менің көзіме жас үйірілді...

Жаңа Құран оқып отырып "Һұд" сүресіндегі мына бір аятқа келгенде:
قالت ياويلتى ء الد و انا عجوز و هذا بعلى شيخاً ان هذا لشىء عجيب
сол жұмыстас ағайымның басынан өткен оқиға ойыма оралды. Ол аятта Ибраһим пайғамбарымызға періштелер келіп, жұбайының жүкті болатынын айтып сүйіншілегенде Сарра анамыздың: "Міне қызық, өзім кемпір, күйеуім шал болғанда бала табамын ба? Расында, мынау бір таңғаларлық іс!" дейтіні айтылған. Сонда періштелер: "Алланың әміріне таңғаласың ба?" деп жауап береді ғой! smile эмотиконы

Алланың құдіреті шексіз екенін неге ұмытып кете береді екенбіз? :) Қазір де айналамда сәби сүюді армандайтын, бір перзентке зар боп жүрген адамдар көп. Ондайларға Құранда айтылған осы Ибраһим пайғамбар, Зәкария пайғамбарлардың мысалын келтіріп "Алладан көп тілеңіздер, дұға етіңіздер және ең бастысы сеніңіздер" дегім келіп тұрады... :) Әсіресе, алда келе жатқан дұғалар қабыл болатын Рамазанда...

‪#‎Рамазан_Құран_айы‬
‪#‎бүгін_мені_ойлантқан_аят‬

‪#‎құранды_оқып_қана_қоймай_ой_да_жүгіртейік‬

Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 лет назад 6987
10 комментариев
  • Иә, Марфуға! Алланың құдіреті шексіз ғой. Мен де дәл сондай бір кісілерді білем. Олар жиырма жылға жуық бірге тұрып, перзентке зар болған-ды. Өзі мектепте мұғалім, әйелі есепші болатын. Жиырма жылға жуық уақыт! Елестетіп көріңіздерші! Ақыры, бір дестен әйелі табан астынан бірден топырлатып 3 қыз босанып алды. Ол кезде ЭКО деген жоқ еді. Міне, бақыт! Ел-жұрт оларды "Алла пейілдеріне берді" дейтін. Өздері биязы, тәртіпті жандар болатын. Ағай да, апай да үнемі күліп тұратын, жүздері жылы жандар еді. Ауыр сөз айтайтын, артық қылыққа бармайтын. Керемет мақала!
    9 лет назад
  • Иә, Аллаһтың құдіреті шексіз! Тек сене білу керек.
    Мен де өзімізге таныс жұпты білемін. Әйелі 7 жыл көтере алмай жүрген. Сондағысы, сіздің сұрағыңыздағыдай күйеуі ажырасуды ойлапты ма деген сұрақ бар ғой. Бірақ мұнда керісінше апайымыз екінші әйел ал деп неше рет айтқан көрінеді. Бірақ Аллаһқа тәуекел еткен жолдасы "Аллаһтың жазғаны болады. Тіпті мен екінші әйел алсам да одан бала болатынына кепілдік жоқ қой" деп жауап береді екен. Қазір ол өнегелі жұптың 3 қызы бар.
    9 лет назад
    • Ма ша Аллаһ! Бұл кісінің де әйелі ажырасуды қалаған ғой. Бірақ күйеуі сабырлық танытқан. "Баланы Алла береді, ол үшін ажыраспаймын" деген. Ақыры Алла тағаланың мейірімімен қазір екі ұл тәрбиелеп отыр.
      9 лет назад
  • Әйелінің бала көтере алмауы-ажырасуға себеп емес. Керемет ой салаларлық оқиға
    9 лет назад
  • Ешкімді кінәлай алмаймыз. Бірақ мына кісінікі нағыз опалылықтың нағыз үлгісі ғой. Бірақ мүлдем сәби көрмей кетпес үшін қазақта бала көтеруге денсаулығы жоқ кісілер еріне тоқал алып беріп, мәселені шешкен ғой.
    9 лет назад
    • Дұрыс айтасыз, аға! Қазақ әйелдері әрқашан солай дана шешім шығарып отырған. Ондай қадамға барудың өзі ерлік қой!
      9 лет назад
  • Алла сабырлылармен бірге.
    9 лет назад
  • Менің жұмыстасым әрі группаласым бар тұрмысқа шыққанына 9 жыл болған. Наурыз айында тұңғышын босанды. Былтыр біздің кафедраға жұмысқа келгенде бар уайымы бала болатын. Сондай ақжарқын, сыпайы, әдепті келіншек, бір жағы маған құдаша да боп келеді.
    Бір күні қызым ауырып сабағымды өтетін адам таппай сол келіншекке айтып едім, бірден келісе кетті. Мен қиналғанда көмектескеніне қатты риза болып, сол күні намазымда балалы болуын Алладан тіледім. Байқасам өзі сондай үнемі жақсылық жасап жүреді. Көп тілегі көл демей ме, Алла да адамның ниетіне қарай беретін шығар.
    9 лет назад
О блоге
0
790257 262 418 11189 167