ЕРЕЖЕП айы келді, ағайын!
ЕРЕЖЕП айы келді, ағайын!
Былтыр Рамазанды лайық түрде өткізе алмағаныма қатты өкінген едім. Жаратушымыздың мейірімі кең ғой, Аллаға шүкір, сол олқылықтың орнын толтырсын деп қасиетті үш айдың бірі саналатын Ережепке аман-есен жеткізді!!! Бұл айдың қадір-қасиеті ерекше!
1. Ережепте ораза ұстаған адамның Алла өткен күнәларын кешіреді.
2. Ережептің басында, ортасында, аяғында аузын бекіткен жан, бір ай ораза ұстағандай сауап алады. 
3. Ережеп айында біреудің мұқтажын өтеген жанға, Алла тағала Фирдаус жәннатынан сарай тұрғызады. 
4. Бұл айда өзгеге сый-құрмет көрсеткен, Алланың сый-құрметіне ие болады. 
5. Осы айда бір күн ораза ұстаған жан жәннаттағы балдан тәтті, сүттен ақ Ережеп атты өзеннен сусындайды. 
6.Ережепте құлшылық еткен жан, қабір азабынан құтылады.
7. Ережептің алғашқы түнінде дұғалар сөзсіз қабыл болады.
8. Бұл айда істелген сауап пен күнә 70 есе өседі. 
9. Кімде-кім Ережеп айында сауабын Алла Тағаладан үміт етіп, ықыласты түрде бір күн ораза тұтатын болса, Алланың разылығын иеленеді.
10. Екі күн ораза тұтқан адамның сауабы екі есе болады, әрқайсысы бір таудай болады. 
11. Үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен ахирет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады. 
12. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозаққа түспес үшін жеті тозақ қақпалары жабылар. 
13. Сегіз күн ораза тұтқан адамға жұмақтың қақпалары ашылады.
14. Он күн ораза тұтқан адамға, Алла Тағаладан не сұраған болса, сұрағаны беріледі. 
15. Он бес күн ораза тұтқан адамның алдыңғы күнәларын кешіреді де жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Ал, егер оразасын келесі күндері жалғастыратын болса, сауабын одан әрі арттыра түседі. 
Ережеп айы кіргенде Пайғамбарымыз (с.а.с.): "Я, Аллам! Ережеп пен Шағбанның берекесін беріп, Рамазан айына қауыштыра гөр!" деп тілейді екен. Біздікі де сол дұға. Рамазан, сені сағындық!!! Саған аман жеткіміз келеді! Сенің жақындаған дүбіріңді сезіп, жете алмай қалғандарға нендей өкініш! Саған жете тұра ораза ұстамағандарға қандай өкініш! Я, Алла! Бізді Рамазанға жеткізіп, ораза ұстауымызды, сол арқылы кешірілуімізді нәсіп ет!!!
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
10 лет назад 21382
16 комментариев
  • Алла разы болсын!!! Қасиетті айларда адамдық қасиеттерiмiздiң артуын сұраймын.
    10 лет назад
  • Алла разы болсын сізден! Халықты алдын ала хабардар қылып отырсаңыздар екен. Өйткені бірі білсе, бірі білмейді. Ислам.кз сайты ұжымы Ережеп айы туралы жазатын шығар деп күткем...
    10 лет назад
  • Мен бир сурак койяын деп едим осы ережеп айынын оразасын устамай турып алдынгы жылдын орасын устап АЛУ керек па
    10 лет назад
    • Осы жерде мұндай сұрақтарға жауап берудің білгірі Абдусамат Қасым аға көмекке келіп қалар... :)
      10 лет назад
    • қаза оразаға ниет қылыңыз
      10 лет назад
    • Қаза оразаны өтеу - парыз. Ережеп айындағы ораза ұстау - нәпіл, яғни, парыз емес, сауапты амал. Парызды орындау бірінші қатарда тұратындықтан осы айда қаза оразаларыңызды өтеп алыңыз. ИншаАЛЛА, қаза оразаңызды осы айда өтегендіктен "Ережеп айында ораза ұстау" сауабын да Жаратушымыз жазар деген үміттеміз.
      10 лет назад
  • Ражаб, шағбан айларындағы дайындықтар, парыз оразаның алдыңғы сүзбесі. Рамазан айы құран түскен ай болса кезекте мұсылмандар үшін ішіндегілер орындалатын ай! үш айларыңыз мүбарак болсын
    10 лет назад
  • Ассаламу әлейкум Бауырлар! Аллам Ережеп пен Шагбанды берекелі етіп, Рамазанға аман-есен қауыштырсын!
    Дегенмен Нурбике бауырымыздың айтқаны өте орынды. Аллаға шүкір бүгін иншаАлла Қасиетті 3 айдың басталатынан хабардар едім. Өзім ғана білгенше бауырларыммен, туыстарыммен, таныстарыммен бөлісеин деген оймен кеше түнгі сағат 11:30 лерде сенімді түрде Қазахстанның діни сайттарынан ақпарат іздей бастадым. Әрине алғашқы www.islam.kz, muslim.kz, azan.kz, sunna.kz сайттарынан Қасиетті 3 ай туралы ақпарат немесе мақала таба алмадым. Өзім біртүрлі ұялғандай болдым.
    Бұл қасиетті 3 ай туралы жоқ дегенде 1 апта бұрын жарнамаласақта жарасар еді ғой Бауырлар! Сондықтан да әлі де кеш емес осы Қасиетті 3 ай туралы толығырақ(несімен қасиетті) мақала күтеміз!
    10 лет назад
    • Уағалейкум ассалам! Құрметті Қуаныш, игіліктің ертелі-кеші жоқ демекші, сізге "Ережеп айы" жайында жазылған мына бір мақаланың сілтемесін беріп отырмын. Оқып көріңі: http://abdsamat.islam.kz/kk/post/erejep-aiynyn-qasieti-637/#gsc.tab=0
      10 лет назад
  • Ережеп Алла Тағаланың айы делінген ғой хадисте. Сондықтан бұл айда "Ықылас" сүресін көп оқу керек екен. Алла Тағала осы айда мол сауаптарға қауыштырсын!
    10 лет назад
    • Әмин! "Ықылас" сүресін оқуды есімізге орынды салдыңыз, Нұрқанат. Көөөп рахмет! Алла сауаптан жазсын!
      10 лет назад
О блоге
0
790257 262 418 11189 167