Ер азаматты қадірлеудің маңызы
Ер азаматты қадірлеудің маңызы

"Біздің ауданда бір жұмбақ әйел тұрды. Ол өзгелерден асқан әдемілігімен де ерекшеленбейтін. Толықтау болатын, үнемі ескі сәнмен киініп жүретінін көретінбіз. Оны айналасына өзгеше етіп тұрған басқа қасиеттерін де байқамаппыз. Алайда күйеуі оны қатты жақсы көретін, әйеліне деген құрметі тіпті басқаша еді. Біз онысын түсінбейтінбіз. Ерінің соншалық ықыласына бөленген мына әйелде не құдірет бар?!

Бірде олардың үйлеріне жолым түсті. Кешкі уақыт болатын. Әйел асүйде кешкі астың әлегімен жүр. Күйеуі жұмыстан келіп жатты. Ең қызығы, ол күйеуінің айлық алған күні екен. Жігіт асүйге қарай өтті де, әйелінің бетінен сүйіп, қолына айлығын ұстатты. Жасап жатқан жұмысын тоқтата қойған әйел күйеуін құшақтап: "Бұл ақшаны табу үшін сенің қалай қиналып жұмыс істегеніңді білемін. Саған оңай болмады. Соған қарамастан бүкіл отбасымызды қаржымен қамтамасыз етіп, балалардың тәрбиесімен еркін айналысуыма мүмкіндік жасағаның үшін, саған рахмет!" деді.

Әйелдің алғысы мұнымен де біткен жоқ еді. Ол енді балалары ойнап отырған қонақ бөлмеге келіп, олардан ойындарын доғара тұруды, назарларын өзіне аударуды өтінді. Сосын қуанышты дауыспен қолындағы ақшасын көрсетіп: "Балалар, қараңдар! Әкелерің мына ақшаны табу үшін бір ай жан аямай еңбек етті. Қызым, енді біз саған аяқ киім ала аламыз. Ұлым! Ал, сенің енді велосипедіңді жөндеп алуға мүмкіндігің бар" деді. Балалар да мәз еді...

Сол кезде көзім отағасына түсті. Ол әйелінің сөздерін тыңдап жанында тұрды. Ал, жүзі қуаныштан, бақыттан бал-бұл жанып, жайнап тұр еді. Әйелі азаматын өзі ғана құрметтеп қоймай, асқан даналықпен балаларына да соны үйретіп жатқан болатын. Әрине, осыдан кейін ол жігіттің көзінде өз әйелінен асқан сұлу болуы мүмкін бе?!!

Ол әйел күйеуі әр айлық алған сайын осылай істей ме, жоқ па оны білмедім. Бірақ бір білгенім, бұл шаңырақта ер-азаматтың әр кішкентай жетістігі үлкен саналады әрі отағасы қатты құрметтеледі. Бұл әйел біз ойлағандай қарапайым емес екен... Ол азаматының қадіріне жете алатын, оның қара басын хандыққа дейін көтерген дана әйел екен. Біз көріксіз деп жүрген әйелдің өз күйеуі алдындағы асқан сұлулығының сырын осылай түсіндім..."

Пы.сы. Әжем бала күнімде әкеміз тұрмақ, "ол ер-азамат қой" деп өзімнен кішкентай ініме де дұрыс сөйлеуімді қадағалап, құрметпен қарым-қатынас жасауды үйретуші еді. Сөйтсем, сонау дана аналарымыздан аманат етіп алған осынау тәрбиенің алтын кілтін менің қарапайым әжем де маған табыстауға асыққан екен ғой... Оны фб-дағы бір құрбымның парақшасынан осы әңгімені оқып отырып ұқтым. Ұқтым да, аударып сіздерге ұсынуға асықтым)))          

Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 лет назад 7824
7 комментариев
О блоге
0
790257 262 418 11189 167
Прямой эфир