Түсімде Алла тағаланы көрдім. Одан: "Уа, Раббым! Саған бізді не нәрсе жақындатады?" деп сұраған едім, Ол: "Менің Құранымды оқу" деп жауап берді. Мен қайтадан: "Түсініп оқу ма, жоқ әлде түсінбей оқу ма?" деген ем, Ол: "Түсініп оқу да, түсінбей оқу да" деп жауап берді. Бұл - Имам Ахмад ибн Ханбалдің түсі. Ма ша Аллах! Ізгі адамдар ізгі түстер көреді ғой. Бұл жазбаны қойын дәптеріме Ғазалидің "Ихия ғулумаддинінен" осыдан бір жарым жыл бұрын жазып қойыппын. Бүгін дәптерімді парақтап отырып, осы жолдарды оқып, Алла тағаланың бізге жасаған жеңілдігі мен шексіз мейіріміне тағы бір шүкіршілік еттім... Әлхамдулиллаһ!
ТҮСІМДЕ АЛЛА ТАҒАЛАНЫ КӨРДІМ...
|
Құран, Алла, оқу, мейірім
10 пікір
-
Абдусамат ҚасымМарфуға екеуміздің осы сәттегі ойлаған нәрсеміз бірдей болып шықты. Екеуміз де "Құран оқу" жайында жария етіппіз. Сәйкестікті қараңыз, мен блогыма "Құран оқу" туралы жазып жатқанымда, сіздің бұл жазбаңыздың шыққанынан хабарсыз едім.9 жыл бұрын
-
Марфуға ШапиянМа ша Аллах, аға! Керемет!9 жыл бұрын
-
Бек Бағытжановжалпы Алланы тек қияметте көрмей ме? Жұмаққа кіретіндер. сонда қалай? Алланы түсінде көру мүмкін екендігі туралы аят хадис бар ма?9 жыл бұрын
-
Бақ БЕРЖалпы түсте Алла тағаланы көру өңінде Жаратушы иенің бір құдіретіне ашық куә болу ретінде жорылады екен. Түс жору кітаптарында осылай деп түсіндіріледі...9 жыл бұрын
-
Марфуға ШапиянМа ша Аллах! Пайғамбарды түсімізде көруді армандаймыз, Алла тағала түсімізге кірсе тіпті, есіміз ауып қалатын шығар))9 жыл бұрын
-
Ханшайым МуратоваМен бұрында кішкентай кезімде түсімде күн шығар жақты және ол жерде бір ағаш тұр сол жаққа қарап тұрмын. Сол кезде маған "Егер жақсы болсаң тілегіңді қабыл етемін" деген дыбысты естідім. Қабыл етемін дегеніне қарағанда Алла түсіме кірдіме деп ойладым. Бірақ Ұллы Алла тағалам түсіме кіріуі мүмкін емес шығар деп ойлап жүрдім. Алла түсіме кірген деп ойлауға қорқам.9 жыл бұрын
-
Марфуға ШапиянМа ша Аллах!9 жыл бұрын
-
B. KeneskyzyМенің алты жасымда атам қайтыс болды, сонда үйде күнде Құран бағышталады. Сөйтіп Фатиха мен Ықылас сүрелерін жаттап алғанмын. Намазға жығылатын жылы түсімде қайта-қайта Фатиха сүресін айтып жатқанымды көретінмін. Көп ұзамай Алла менің маңдайымды сәждеге қоюымды нәсіп етті.9 жыл бұрын
-
Марфуға ШапиянҚандай керемет! Аян түс болған болды ғой!9 жыл бұрын
-
B. KeneskyzyАлланың берері таусылмасын. Енді Пайғамбарымызды бір рет түсімде көрсем арманым жоқ. Өзіңіз айтқандай жүрегім тоқтап қалатын шығар.9 жыл бұрын
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Ернар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 жыл бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 жыл бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 жыл бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 жыл бұрынCаттар жаңа жазба қосты: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 жыл бұрын2024, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.