ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСУГЕ БАРМАДЫМ...
ҚАРАҒАНДЫЛЫҚТАРҒА КӨМЕКТЕСУГЕ БАРМАДЫМ...

(Болған оқиға)

Американың бір шағын қаласында тоғыз отбасы қатты дос болып, бір-бірімен өте жақсы араласыпты. Әсіресе 9 әйел отағасы, бала-шағаларынан бөлек жиі кездесіп, бір-бірімен пікір алмасып тұрады екен. Күндердің бір күнінде жаңағы әйелдің біреуі "Біз уақытымызды неге бос өткіземіз? Одан да мұқтаж жандарға көмек қолын созайық, аш жандарды тамақтандырайық. Бұл нәрсе қолымыздан келеді ғой" деген бастама көтеріпті. Өзге құрбылары да оны бірден қолдай кетеді. Осыдан бастап, әйелдер ақша үнемдеу үшін кір киімдерін кір жуатын жерге апармай, қолмен жуатын болады, күйеулері көйлекке, әшекейге деп берген ақшаларды оған жұмсамай, ортақ іске сала бастайды. Жүрген жерлерінде "Біреудің ішерге тамағы жоқ екен, біреу пәтерінің коммуналды төлемдерін төлей алмай жатыр" деген сөздерге құлақтарын түре жүріп, тың тыңдап, өз көмектеріне кімнің мұқтаж екенін анықтап ала қоятын. Ертеңіне жаңағы мұқтаж жанның есігінің алдында қажетіне керекті қаржы мен дәмді кекс салынған кәрзеңке тұрады екен. Ол кексті де құрбылар таңертең ерте кездесіп, өздері пісіретін. Тоғыз құрбының арқасында көмек алып, дәмін көргендер ондай тәтті кексті бұрын-соңды жемегендерін айтады))) Ең қызығы, қалаларында осындай қамқор, мейірімді жандар бар екенін білген тұрғындар, оны кім жасап жүргенін білмейтін еді. Кәрзеңкеде адрес те, көмек қолын созған адамның аты да жазылмайтын. Күндер осылай өтіп жатады. Ал құрбылардың өз қызықтарынан бас тартып, үнемдеген ақшаларымен қала тұрғындарына жасаған қайрымдылықтарының дәмін татпағандар кемде-кем деседі. Өйткені, олар 30 жыл бойы ешкімге айтпастан, тірі жанға білдірместен, тіпті жанындағы күйеулеріне сездірместен қайрымдылық жасап келген ғой!!! 30 жыл!!! Жас келіншектердің алды жетпіске жақындап, кейінгілері елуден асып, әжелерге айналса да, бұл жақсы әдеттерін қоя алмапты))) Халық 9 әженің бұл "қылмыстары" туралы қалай білді деген сұрақ сіздерді де мазалап отырған болар?! Мәселе былай болған. Құрбылардың біреуінің күйеуі әйелінің таңда бір жерге барып жүргенін байқап қалған, сонымен қатар есепшотынан әйелінің ақша шешіп алғанын білген. Көңіліне күдік кіріп, жаман ойлар ойлай бастаған. Күдігін достарына айтқан. Олардың да көкейлерінде сұрақтар бар екен. Солай 9 жігіт 9 әйелді ортаға алып, жиналысқа салмай ма?! Құрбылардың 30 жыл жасырған сыры ақыры солай әшкере болған. Жігіттер басында осынша уақыт ештеңе сезбегендеріне таңғалған, артынан әйелдеріне қатты риза болып, енді қайырымдылыққа өз көмектерін соза бастаған. Тіпті балалар да көмекке келіп, аналары жасаған кексті интернет арқылы сатып, түскен қаржыны мұқтаж жандарға көмекке арнаған. Бұл да аздық еткен соң, аналар үлкен балаларының көмегімен мейрамхана ашып, айналасына үлкен көлемде садақа ете бастаған. Қазір сол мейрімді әжелер қалаларын қайырымның орталығына айналдырып Америкада әлі де тұрып жатыр деседі... Адамдарға мейірім таратуды енді кішкентай немерелеріне үйретіп жүрген көрінеді... 

Пы.сы. Интернеттен осы қарапайым ғана оқиғаны оқып, қатты тебірендім. Жаныма құрбыларымды жинап алып, қайрымдылықпен айналыссам деп шексіз қиялдың жетегіне еріп кетіп бара жатыр едім... Бір кезде... бір кезде есіме Қарағандыдағы отандастарымыздың табиғат апатынан шегіп жатқан зардаптары түсті. Ұйқымнан селк етіп оянғандай болдым. "Сен әлі қарағандылықтарға көмек қолын созбадың ғой!!! Әлемге қайтіп көмектеспексің?!" деді іштен бір дауыс! Бет қызарды, ар ұялды... Кеттім! "Арманға" киім, тамақ жинап жатыр деген еді ғой... солай қарай...

Америка, сел, мейірім, қайырым, құрбылар, қарағанды, мұқтаж
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
10 жыл бұрын 5193
5 пікір
Блог туралы
0
790257 262 418 11189 167