ТАКСИСТ ХАСАННЫҢ БАСЫНАН ӨТКЕН ЖАҒДАЙ (болған оқиға)
Бұл оқиға Иракта орын алыпты. Бір мұсылман әйелінің күйеуі қайтыс болып, үш баласымен жесір қалады. Бұрын қызметте болмаған әйел жұмыс іздеп қанша есікті қақса да таба алмайды. Ал материалдық жағдайы күннен-күнге төменбей береді. Көмектесер адам да болмайды. Ыстық тамақ ішпегендеріне үш күн толып, аштықтан әбден әлсіреген бір күні намыс, ұят дегенді балалары үшін жиып қойып көшедегі бөтен адамдардан көмек сұрап көрмек болады. Сыртқа шығып бірер көше жүргеннен кейін, маңайдағы көп дүкеннің бірінің алдына тоқтаған такси мен одан түскен клиентті байқайды. Әйел "Жаңа ғана адам...