Қыз бен жігітке неліктен қол алысып амандасуға болмайды?
Соңғы кездері ыңғайсыз жағдайға жиі қалып жүрмін. Біздегі ер адамдардың қыздарға қол созып амандасатыны қиын-ақ. Кейде құрбы қыздардың ортасында олармен қол алысып амандасқан жігіт маған да қолын созады. Ондайда "Кешіріңіз, жігіттермен қол алысып амандаспайтын едім" деп жылы жымиямын. Кейбірі басымдағы орамалға қарап түсіне қояды. Енді бірі аңырап, қолын созған күйі тұрып қалады. Немесе ыңғайсыз күйге түсіп, қарадай қысылады. Мына жақтан қылмыс жасағандай мен біртүрлі боп тұрамын. Артынан құрбы қыздарым: "Сен емес, біз ыңғайсыздандық" деп ренжіп жатады. Ал жақында қолымды ұсынбағаным үшін...