«Әлемді сұлулық емес, мейірім құтқарады...»
Соңғы күндері «Өмірдің мәні неде?» деген сұрақ жиі ойлантып жүрді. Бір күні таңертең Құран оқып отырып Бәләд сүресіндегі мына аяттарға көзім түсті: «Иман келтіргендердің, бір-бірін сабырлы болуға үгіттегендердің, бір-біріне мейірімді болуға кеңес бергендердің амал дәптері оң жағынан келеді...» (17-18 аят). Қандай тамаша аят! Жұмысқа келгеннен кейін «Вконтакте» әлеуметтік желісінен орыстың классик жазушысы Лев Толстойдың жеті жасар Захар Шевцевке жазған: «Сүйкімді балақай, саған бүгіннен бастап өміріңнің соңына дейін барлық адамдарға: әкеңе, анаңа,...