ПЕРЗЕНТХАНАДА АУЫСҚАН БАЛАНЫҢ ҚҰРАН АРҚЫЛЫ АНАСЫН ТАБУЫ
ПЕРЗЕНТХАНАДА АУЫСҚАН БАЛАНЫҢ ҚҰРАН АРҚЫЛЫ АНАСЫН ТАБУЫ

Америкада екі әйел қатар, бір уақытта босаныпты. Біреуінде ұл, екіншісінде қыз екен. Медбикелердің жауапсыздығы ғой, біреуі екі нәрестені ауыстырып алыпты. Ендігі жерде екі әйелдің арасында дау пайда болып, екеуі де "мен тудым" деп ұлға жармаса беріпті. ДНҚ анализдерінің де бір-біріне қатты ұқсас болғаны сондай, айырып бере алмайды. Қай баланың кімдікі екенін ажырата алмай абыржыған дәрігерлер бұл жағдайды басшылыққа айтады. Ал басшылықта отырған дәрігер "Бұл мәселенің шешімін бір білсе мұсылмандар білер" деп, Сауд Арабиясындағы бір мұсылман ғалымына телефон шалады. Екеуінің арасындағы әңгіме былай өрбіпті:

Американдық: Сіздер діндеріңізде барлық мәселелер мен сұрақтарға жауап бар екенін жиі айтасыздар ғой. Әлі де сол ойларыңыздасыздар ма?

Мұсылман ғалымы: Иә, солай ойлаймыз.

Сонда американдық оған жағдайды түсіндіреді. Ал ғалым бұл мәселенің шешімінің тіпті оңай екенін айтып: "Екі әйелдің де омырау сүтін тексеріңіздер, қайсының сүтінің құнарлығы жоғарырақ болса, ұл баланы сол босанған", - деп жауап беріпті. Дәрігер ғалымның айтқанындай істеп, екі ананың да сүтін тексертіп, ұлдың анасын анықтап береді. Сосын мұсылман ғалымынан: "Ұл баланың туған әйелдің сүтінің құнарлырақ болатынын қайдан білдіңіз?" - деп сұрайды таң-тамаша болып. Ол болса: "Бұған жауап Құранда жазылған. Алла тағала Ниса сүресінің 11-аятында "...Бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады", - деген.  Яғни, ер адамның үлесі әйелдікінен екі есеге көбірек" - деген көрінеді.

Бүкіл сұрақтың шешімін Құранға жасырып, ол арқылы мұсылмандардың дәрежесін жоғары еткен Алла тағалаға мақтау болсын!

Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 лет назад 41591
4 комментария
  • Алла Тағала Ұлық Иесі! СубханАлла! Ғажап! Рахмет Марфуға!
    9 лет назад
  • Ассаламуалейкум! мақалаңыз әйел адамның дәрежесін, мәртебесін түсіріп тұрған сияқты. :(
    Шындығында, ер баланың анасының сүті құнарлы саналады. ол - Алланың құдіреті. ер бала күш-қуат иесі болғандықтан, Жаратушымыз оның асын құнарлырақ қылуы таңқаларлық емес.
    Құранда бұл аяттан басқа аяттарда да ер адамның әйел адамнан жауапкершілік тұрғысынан жоғары тұрғаны айтылған. ал бұл аяттан адамдар нәзік жандылар мирасты барлық кезде ер адамнан аз алады деп ойлап қалуы мүмкін. Әсте олай емес, диплом жұмысым МҰРАға байланысты болғандықтан айтып тұрмын.
    https://www.facebook.com/zhanna.beibit/videos/pcb.10206229298639122/10206228273253488/?type=3&theater
    төрт жағдайда ғана әйел адам ер адамнан аз алады. ал 12 жағдайда одан артық алатынын көп адам біле бермейтіндіктен, әйел адамның құқығы тапталған деген қорытындыға келуі мүмкін. біз оған жол бермеуіміз керек. Алла Тағаланың әділеттілігіне көлеңке түсіруіміз - біздің білімсіздігіміз, надандығымыз. Жаратушы - өте әділетті, Хикмет иесі.
    8 лет назад
  • Исламдағы мұрагерлік туралы білгісі келетін жандарға
    https://www.facebook.com/zhanna.beibit/videos/pcb.10206229298639122/10206228270613422/?type=3&theater
    8 лет назад
  • Бүкіл сұрақтың шешімін Құранға жасырып, ол арқылы мұсылмандардың дәрежесін жоғары еткен Алла тағалаға мақтау болсын!
    8 лет назад
О блоге
0
790257 262 418 11189 167