ПАРИЖДЕ БОЛҒАН ОҚИҒА
ПАРИЖДЕ БОЛҒАН ОҚИҒА

Бірде Париж қаласының мешіттерінің бірінің табалдырығын кішкентай бала аттады. Имамға жақын келген ол:

- Мені анам сіздердің мектептеріңізден білім алуға жіберді, - деді, ұяң дауыспен. 

- Кей мәліметтерді анықтау керек, анаңның өзі қайда? - деп сұрады имам. Бала:

- Ол сыртта тұр... Оған мұнда кіруге болмайды... Ол мұсылман емес... - деп жауап берді. Таңғалған имам "мына бала мен анасына не қажет болып қалды екен?" деген оймен, сыртқа ұмтылды. Баланың анасы әңгімесін былай бастады: "Менің мұсылман көршім бар. Ол балаларын мектепке шығарып салуға сыртқа шықса, балаларының анасының қолын құрметпен сүйіп жатқанын көремін. Шындығында, ол үйден береке-бірлік кеткен емес. Имам мырза, осы жасыма дейін бұл елде ата-анасын "Қарттар үйіне" өткізген бірде-бір мұсылманды көрген емеспін. Сізден өтінерім, баламды қамқорлығыңызға алып, оған білім үйретіңізші. Күндердің күнінде менің балам да сіздер аналарыңызға қалай қарым-қатынас жасасаңыздар, маған да солай қарайды деген үмітім мол" деген екен.

Пы.сы. Францияда орын алған осы оқиға маған қатты әсер етті. Өзге діннің өкілін таңғалдырған мұсылмандардай құрметті ата-анамызға біздер көрсете алып жүрміз бе? Ұялып қалдым. Телефоныма ұмтылдым. Алыстағы ата-анама бір хабарласып қояйыншы. Қуанып қалсын...

Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 лет назад 5777
4 комментария
О блоге
0
790257 262 418 11189 167