Соңғы күндері «Өмірдің мәні неде?» деген сұрақ жиі ойлантып жүрді. Бір күні таңертең Құран оқып отырып Бәләд сүресіндегі мына аяттарға көзім түсті: «Иман келтіргендердің, бір-бірін сабырлы болуға үгіттегендердің, бір-біріне мейірімді болуға кеңес бергендердің амал дәптері оң жағынан келеді...» (17-18 аят). Қандай тамаша аят! Жұмысқа келгеннен кейін «Вконтакте» әлеуметтік желісінен орыстың классик жазушысы Лев Толстойдың жеті жасар Захар Шевцевке жазған: «Сүйкімді балақай, саған бүгіннен бастап өміріңнің соңына дейін барлық адамдарға: әкеңе, анаңа, бауырларыңа, аула сыпырушыға, өмір жолыңда кезіккен барлық адамдарға бар ынта-ықыласыңмен мейірімді болуға кеңес беремін. Бұл оңай емес. Бұған жазуға, оқуға, скрипкада, фортепьянода ойнауға үйренгенің сияқты үйренуің керек. Бірақ бұл ғылымдарды үйренесің, сонымен оларды үйрену аяқталады, ал мейірімділікті үйренудің соңы жоқ. Әрі ешқандай ғылымнан қайырымды болудан алған ләззатты ала алмайсың. Сен мейірімді болған сайын жаның да жадырай түседі, айналаңдағы адамдар да сені тереңірек сүйетін болады. Өтінем, осылай жаса. Әр минутта мейірімді болу керектігіңді есіңнен шығарма», – деген хатын оқыдым. Ғұлама да басқаға емес, мейірімге шақырады. Дәл сол күні Ника Турбина атты тамаша ақынмен таныстым. Бар-жоғы 27 жасында өмірден өткен, артында теңдессіз өлеңдер қалдырған. Ника да бір түйір мейірімнің өзіне мұқтаж болып, соны жырлап дүниеден өткен екен. Бір күн үшін өте көп мейірім. Ойланып қалдым. Байқап қарасам, Раббымызды да «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла» дейді екенбіз. Адамдар да, жан-жануарлар да, тіпті жәндіктер де бір-бірінен мейірім ғана күтеді. Ендеше біз мына әлемде бақытты өмір сүріп жатсақ, ол алдымен ерекше мейірімді Раббымыздың, сосын айналамыздағы мейірімді адамдардың арқасы екен. Осының бәрін ой таразысына сала келе, осы блогтұғырда күнделікті басымыздан өтіп жатқан түрлі оқиғалар арқылы өмірімізге мән беріп тұрған МЕЙІРІМДІ жырлауға бел будым. Өйткені жазушы Бейбіт Сарыбай айтпақшы «Әлемді сұлулық емес, мейірім құтқарады...»
«Әлемді сұлулық емес, мейірім құтқарады...»
|
7 комментариев
-
Қайрат ЖолдыбайұлыМарфуға қаламың мұқалмасын! Оқырмандарың мейірім тұнған тың дүниелеріңді асыға күтеді.10 лет назад
-
Марфуға ШапиянӘмин!10 лет назад
-
Салтан СайранұлыМіне, мейірімді әлеммен де танысатын болдық... Алла қаламыңызға қуат берсін, Марфуға!10 лет назад
-
Марфуға ШапиянӘмин!10 лет назад
-
Aset KZҒалам бастан аяқ өзара көмектесуден, махаббаттан, мейірімді болудан тұрады, мүмин адам осы жалпы үйлесімге өзіндік үлесін қосып, сырлы симфония мен ырғақты бұзып алмас үшін әрдайым мейірім көрсетіп көмекке қол ұшын созуға дайын болуы керек. ..... Мейірім әлемінің сырларымен де сусындайтын болдық Аллаға шүкір! қаламыңыз жүйірік, ойыңыз ұшқыр болсын!10 лет назад
-
Марфуға ШапиянӘмин! Айтқаныңыз келсін!10 лет назад
-
B. KeneskyzyАлла разы болсын Марфуға сіңлім, қаламың ұштала берсін.10 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.