Бір дəрігер осындай хикая айтады:
Кабинетіме тексерілу үшін шамамен 60 жастағы жасы үлкен апа мен 30 жастағы жігіт кіріп келді. Жігіттің кемпірге жылы қарым-қатынасы менің назарымды аударды. Өйткені ол кемпірдің қолын ұстап жəне үстіндегі жамылғысын түзетіп қояды. Қолымен тамақ пен су берді. Кемпірдің жағдайын сұрап, қажетті қағаздарын алып келуді айтқан соң, жігіттен кемпірдің сана-сезімі туралы сұрадым. Себебі кемпірдің əрекеттері, берген жауаптары біртүрлі еді. Еркек былай деп жауап берді:
- Ол туылғаннан бері осылай. Сана-сезімі жетілмей қалып қойған. Таңданып:
- Оны кім бағады?- деп сұрадым.
Жігіт:
- Мен,- деді.
- Солай ма? Оның киімдері мен денесін кім таза ұстайды?- дедім.
- Оны моншаға мен алып кіріп, киімдерін іліп қоямын. Сосын шомылып болғанша күтіп тұрамын. Кір киімдерін жуып беремін жəне қалаған киімдерін сатып əперемін,- деп жауап берді жігіт.
- Неге оған қарайтын бір қызметші əйел алмайсыз?- дедім. Ол:
- Өйткені байғұс анам балаларға ұқсап арыз айтуды білмейді. Сол үшін қызметшінің анама зəбір көрсетіп, көңілін ауыртуынан қорқамын.
- Сіз үйленгенсізбе?
- Иә, əлхамдулиллаһ! Перзенттерім де бар.
- Олай болса анаңызға жұбайыңыз қарайды екен ғой?
- Ол да қолынан келгенше қамқорлық танытады. Тамағын пісіріп, ішкізіп-жегізеді. Анама жəрдем беру үшін əйеліме қызметші əйел де жалдағанмын. Бірақ анаммен өзім тамақтануды жақсы көремін. Себебі оның қант диабеті бар.
Осы кезде кемпір ұлына қарап:
- Маған қашан картоп сатып аласың?- деп қалды.
- Қазір, анашым! Өзіңізді дүкенге алып барамын!- деді ұлы. Ана сол кезде балаша қуанып:
- Қазір барамыз! Қазір барамыз!- деп жіберді. Ұлы маған қарап:
- Анамның мұндай қуанышын кенже ұлымның қуанышынан да абзал көремін, - деді сүйсініп.
Мен қатты əсерленгенімді сездірмеу үшін оның медициналық карточкасын парақтай бастадым. Сосын:
- Оның сізден басқа жақыны бар ма?- деп сұрадым.
- Мен оның жалғыз ұлымын. Өйткені əкем үйленген соң бір ай өтіп анаммен ажырасқан екен,- деп жауап берді.
- Олай болса сізді əкеңіз тəрбиелеген болар?
- Жоқ, маған жəне анама нағашы əжем қараған. Ол кісі мен 10 жасқа толғанда дүние салды. Алла оны рақымына алсын!
- Сіз ауырған кездеріңізде анаңыз қараған ба? Оның сізге бір рет болса да аналық мейірім беріп, қараған кезі болды ма? Басқаша айтсақ, қуанышыңыз бен қайғыңызға ортақ болды ма?
- Жоқ, дəрігер ханым. Сол он жасымнан бері білетінім, анам осындай ақылы азайып, мүгедек. Сол кезден бастап мен оның қолы мен аяғы болдым. Басына пəлекет келмесін деп қорқамын.
Мен ары қарай оларға дəрілер тізімін жазып, қалай қолданатындарын түсіндірдім. Ұлы анасының қолынан ұстады да:
- Міне, енді дүкенге барамыз,- деді. Кемпір: - Меккеге бармаймыз ба?- деді.
Таңдандым жəне:
- Оны Меккеге қалай алып барасыз?- дедім.
- Ұшақпен!- деді.
- Расымен алып барасыз ба?
- Əрине.
- Анаңыз умра жасамаса да болады ғой. Неге оны умраға алып барып, өзіңізді қинайсыз?
- Бəлкім умраға алып барсам, анам сүйінер. Бұл мен үшін əлемдердің Раббысы болған Алланың құзырында жалғыз қылған умрамнан сауаптырақ болмақ.
Олар кабинетімнен шығып кетті. Есікті жаптым да медбикеге алдыма ешкімді кіргізбеуін ескерттім. Ішімнен келген көз жасын тия алмадым. Өзіме-өзім былай деп сыбырладым:
- Бұл кемпір ұлына жүкті болып, туғаннан басқа аналық қызметін де қылмапты. Не тəрбие бермеген, не түндері ұйқысыз бесік тербетпеген. Қайғы-мұңына да ортақ болмаған. Оның қамын ойлап, келешегі үшін бас та ауыртпаған. Бірақ ұлдағы мейірім мен қамқорлықты қара! Кəне айтшы, ақыл-есі дұрыс аналарымызға мына жігіттің ақылы кемшіндеу анасына қылған жақсылығын қылудамыз ба? @Ерболсын Батырбекулы
P.s.
Алла тағалам!
Ата-анамызға қамқор болуымыз үшін бізге жəрдем бер!
Олар бізге сəби күнімізде қалай қамқор болған болса, Сен де оларға қамқор бол! Бүгінгі жұманың тілегі осы болсын!
Көптен хабарласпаған болсаңыз, ата-анаңызға бір қоңырау шалып қойыңызшы :)