92 ЖАСЫНДА ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАҒАН...
92 ЖАСЫНДА ИСЛАМДЫ ҚАБЫЛДАҒАН...

Бельгиялық Георгетта атты әжей Исламды 92 жасында қабылдапты. Туған қызының барлығына қарамастан Бельгиядағы көптеген қариялар секілді ол да қартайған шағында қарттар үйінде тұрыпты. Осыдан екі жыл бұрын қарттар үйі жабылатын болып, Георгетта әжей бұрынғы мұсылман көршілерінің қарауына көшіпті. Әжей оларды сонау бала кездерінен біледі екен. Мұхаммед пен әйелі үш бала тәрбиелеп, барынша Ислам қағидаларын ұстанып, оны өмірлерінде де қолданып жүрген жандар екен. "Мен бұл үйдің табалдырығын аттап, Исламмен кезіктім. Олардың бірге құлшылық жасап, бір-біріне қамқорлық танытып, өз араларында өте жылы сөйлесетіндіктерін байқадым. Сыйластықты бәрінен жоғары қоятын олар менің жылуы жоқ отбасымнан әлдеқайда басқаша болатын. Исламды қабылдағаннан кейін қызым қарасын да көрсеткен жоқ", - дейді әжей. Исламға келген әжейді мұсылмандар қауымының үлкен қуанышпен қарсы алуы қатты таңғалдырған. "Олар мені жан-жағымнан сүйе берді, өздерімен сенімі бір бауырға айналғаныма қатты қуанышты еді. Дәл олар секілді мені ешкім, ешқашан шын пейілмен сүймеген болатын. Осындай да болады екен ғой!" - дейді таңданысын жасыра алмаған әжей. Мұсылман болғаннан кейін апамыз Георгетта есімін Нур әл-Ислам деп өзгертіп алған көрінеді. 

Алла тағала ізденгендерге тура жол көрсетсін, тура жолды тапқандарға ақыл мен дінді ұстап тұратын табандылық берсін деп тілейміз. Әмин!  

Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 жыл бұрын 5532
2 пікір
  • ....біреуге қартайған шағында ұсынылған тосын сый келесі біреудің кеудесіне көп жылдар бұрын берілгенімен олдағы қартайғанын күтіп жүр ме екен! Бірақ ол уақытта өзгеріске толы дүние не сыйларын кім білсін. Мына апа мына жасында қауышқаны сияқты, ана адамды да онан айыру әп сәтте-ақ. Ғибратты екен, рақмет
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
790257 262 418 11189 167