3-кітап. Орхан Памук “Менің атым Қырмызы”
Маған Орхан Памуктың туындыларынан бұрын аңызы жетті. Алматыда кітап туралы әңгімелесетін досым бар. Сөзден сөз шығып отырып бір күні әңгімеміз Памукке ойысты. Ол Орханның әкесінің жазушы болғысы келіп отбасын Түркияда қалдырып, сол кезде жазушылардың ортасы саналатын Францияға кеткенін, ол жақта шығармашыл ортада біраз жүріп, қайтып келгенін әңгімелеп берді. “Орханда әкесінен қалған қара чемодан бар екен. Жазушы оны әлі ашпапты”, - деп сөзін аяқтады, досым. Бұл әңгіме маған қатты әсер етті. “Үлкен жазушы болам” деген әкенің бұлқынысы, тіпті сол арман үшін Түркияны тастап, Францияға кетіп...