Хэллоуинді неліктен тойлауға болмайды?
Былтыр қазан айының соңында болса керек. Жұмыстан кешірек шықтым. Әрі Алматыдағы абыр-сабыр саябырлап, кептеліс азайсын дедім бе екен, мен шыққанша қас қарайып, қараңғы батып кетіпті. Бағдаршамға тоқтап тұрғанмын. Жаныма келіп аялдаған көлікке көзім түсіп кетіп еді, жүрегім тоқтап қала жаздады. Тіпті көлігімнің рөлін бір сәтке жібере салыппын. Әлем-жәлем киінген, бет-ауыздарын адам көргісіз етіп бояп алған жастар, көлік терезесінен бастарын шығарып ырбаң-ырбаң етеді, ыржалақтап күледі, қолдарын ары-бері ербеңдетеді. Мұндайды көрмеген, шошып кеттім. Сонымен не керек, ол күні үйге жеткенше дәл...