Құранда Юрий Гагарин туралы айтылғанынан хабардарсыз ба?
Құранда Юрий Гагарин туралы айтылғанынан хабардарсыз ба?

Күн өткен сайын Құранның құпиялары ашылуда. Оның әр аятының тегіннен тегін түспегеніне ғалымдардың көзі жетіп, ашқан жаңалықтарын халыққа қуана хабарлауда.

Сондай ғалымдардың бірі, астронавтика, космос ғылымдарымен айналысатын профессор өзінің ғылыми еңбегінде ғарышқа алғаш жол салған ұшқыш жөнінде әңгімелейді: «Құдайға сенбейтін коммунист Юрий Гагарин ғарышқа ұшып, иллюминатор арқылы Жерді алыстан көргенде: «Мен не көріп тұрмын? Бұл түс емес пе? Әлде менің көзім байланды ма?» деген болатын. Бұл 1961 жыл. Ал мың жыл бұрын жазылған Құранның “Хижр” сүресінде былай делінеді: “Бұл халық бұрын сенсе де, кейін Құдайға сенбеді”. 1961 жылы коммунистер де, осы космонавтика айналысында жүрген мамандар да сенімнен алыста болатын. Бірақ революцияға дейін олар да Құдайға сенетін еді ғой әрі шіркеулері бар болатын. Құран аятының дәлдігін көрмейсіз бе?! Яғни, осыдан 1400 жыл бұрын адамзаттан ғарышқа алғаш кім ұшатыны белгілі болған болды ғой! Ары қарай аяттарға үңіліп көрейік: “Біз оларға аспан есіктерін ашуға мүмкіндік бергенде, олар оған көтеріледі. Сосын “Мен не көріп тұрмын? Бұл түс емес пе? Әлде менің көзім байланды ма?” дейді. Гагариннің айтар сөзін Құранда келтірген Алла Тағала бұл оқиғаның қашан, қай жерде болатынын, кімнің не айтатынын да сөзсіз жақсы білген.

Құдіретті көрмейсіздер ме?! Ғалымдар ғарышқа бастар есікті аспаннан қаншама жылдар бойы іздеп, әрең дегенде Байқоңырдан тапты. Бір қарағанда ап-ашық көрінген аспанда да жолдар бар, ғарышқа бастар қақпа бар екені, оны Алланың өз аятында “көктен бір есік ашсақ...” деп беруі қандай ғажап! Бұл Құранның бірер аятының ғалымдардың толассыз еңбегінің арқасында мәлім болған сыры ғана. Ал астарына құпия бүккен аяттар қаншама...

ғарыш, Құран, аят, Құдірет, сыр, гагарин, ғалам
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
1 жыл бұрын 47516
19 пікір
  • Ассалаумағалейкүм,және де 19-саны Құранның сандық тірегі,1961-ші жылы ұшты,цифрлардың басын қараңыз,және де алты кері айналдырылғанда тоғыз,тағы 19-саны шығады,бірді алдына қойсақ,бұл туралы мақала жазғам.
    1 жыл бұрын
  • Және де Құранда ракета отыны-гептил да бар.
    1 жыл бұрын
  • құран мұғжиза
    1 жыл бұрын
  • Егер адам бәрін алдын-ала білсе, онда адам өзін құдайға теңеген болар еді, Астағфиралла!
    Адамзат Аллаһ Тағаланың жаратқанын зерттеу арқылы, Құран Кәрімнің шексіз құпия сырларының осылай айғақ дәлелденуіне көз жеткізу арқылы Исламның әлем діні болары ақиқат! Аллаһу Акбар!!!
    1 жыл бұрын
  • Мен не көріп тұрмын? Бұл түс емес пе? Әлде менің көзім байланды ма? деп айтқан сөзін қайдан алдыңыз? Тауып беріңізші. Оның ұшқан кезінде жазылған жазбалардың ішінде мүлдем ондай сөздер жоқ. Мысвл мына сайтта ұшқан кезіндегі айтқан сөздер бар http://www.cosmoworld.ru/spaceencyclopedia/gagarin/index.shtml?doc10.html
    1 жыл бұрын
    • Ол сөздер Батыстың космостық дыбыс жазу орталықтарында сақталған деседі. Біздің Кеңес үкіметінде Гагаринге тиесілі бұл сөздер айтылмаған да, таратылмаған.
      1 жыл бұрын
  • Машалла! Осыны зерттеп жазған авторға да рақмет!
    1 жыл бұрын
  • Osi ayattar hijr suresinin kai ayattari? Sandık retin aita alasz ba? Rakmet
    1 жыл бұрын
  • Kuran Karimnin tagi bir tangajayib siri..
    1 жыл бұрын
  • Бұрын білмеген екенмін. Авторға Алла разы болсын! Рақмет!
    1 жыл бұрын
  • Гагарин үйтіп айтқанына күмәнім бар.
    1 жыл бұрын
  • Тагы басталды, басы жок аягы жок бос ангимелер. Ешкандай далел жок. Мундай такырыпты далелсиз, гылыми подходсыз жаза беруге болмайды гой. Ауылдын катындарынын осеги сиякты... Ен окиништиси коммент жазып танданган адамдардын коби бос созге :((
    1 жыл бұрын
    • Ей белый тилине абай бол,ойланып сойле кандай жагдайда да,кандай подход керек саган окы дурыстап макаланы,ол киси галымдардын тужырымдарына суйенип жазып отыр гой макаланы,ДОРЕКИ БОЛМА,ОЙТКЕНИ ДОРЕКИЛИК ТОЗАКТА БОЛАДЫ (СОНДАЙ ХАДИС БАР) АЛ ЕНДИ САК БОЛЫП СОЙЛЕ КЕЛЕСИДЕ.
      1 жыл бұрын
  • Кеширим сураймын! :( Создеримди кери алам. Гагарин не айтканын бир Аллах биледи, бирак Куранда сондай аяттар бар екен, магынасы келеди екен. Так что, тагы бир рет АймСорри...
    1 жыл бұрын
  • саша, сіздің өстіп қыздырып отарытыныңз ұнайды, продолжайте в том же духе, шектен қатт аспасаңыз өтініш, сіздің темпераментіңіз керек
    1 жыл бұрын