ҚҰРАН ОҚУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ
ҚҰРАН ОҚУДЫҢ 10 ПАЙДАСЫ

Ютубте кітап туралы каналым бар екенін барлығыңыз жақсы білесіздер. Ондағы әңгіме тек кітап туралы. Рамазан айы келгелі каналдың жұмысы сәл тоқтап тұрған. Өйткені, қасиетті айда ең ұлы кітап - Құран туралы бір видео түсірмесем, ұят болар еді. Міне, кеше сол олқылықтың орны толды. Қысқасы, жаңа видеомды қабыл алыңыздар :)

Құран, Құран оқу, Кітап оқу
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
9 ай бұрын 1565
5 пікір
  • Студент болған кезімде ұстаздардың дәрістерін конспектлеп жанталасатын едік. Қажет болған соң әрине.
    Сізге Алла разы болсын! Әр сөзіңізді мұқият тыңдап отырып қойын дәптеріме конспект жасап алдым. Тағы да Алла разы болсын! Студенттік шақ әдемі шақ. Өмір бойы Алланың ілімін алып, студент (шәкірт, ізденуші) болып жүре берейік.
    9 ай бұрын
  • Бұның бәрі Алла нәсіп еткен тәуелсіздігіміздің арқасы. Алла бақытымызды баянды етсін. Білмегенімізді сұрап алып, білгендерімізді игі ниетпен жария етіп, ақиреттің қуаныштарынан үмітті болайық. Тәуелсіздігімізді қадірлейік, ел қамындағы азаматтарды сыйлайық.

    Осындай роликтер көп болғай! : )
    9 ай бұрын
  • Екі түрлі адамдарға қызығу керек деген сөз бар. Бірі байлығын Алла жолына сарп еткен жомарт адам болса, бірі құран ілімін алып, өзгелерге жеткізген жан. Ұрпақтарымыз осындай жандардың қатарынан болғай! Алла рақымды!
    9 ай бұрын
  • Рұқсат болса, "Құранның алтыншы пайдасы" деген бөлімге азғантай толықтыру жасайын. Құранды мәхражын шығарып, тәджуит ережелерімен оқыған адам үшін бүкіл дене болмысына, ішкі ағзаларына өте күшті пайдасы бар дегенді жиі естіп жүрмін. Алланың кәләміндағы мүбәрак әріптер (дыбыстар) сауабымен қатар шипасын да организмімізге дарытады екен. Алланың мейірімі ұшан теңіз!
    9 ай бұрын
Блог туралы
0
220249 263 407 9510 167