АЗА ТҰТАМЫЗ...
АЗА ТҰТАМЫЗ...

Суретте лаңкестердің қолынан өлім құшқан офицердің ұлы. Фотоға қарап, жүрек ауырады :( "Әкең елінің тыныштығын қорғау жолында мерт болған батыр" деп жұбатқың-ақ келеді. Бірақ батырды бала қайтсін?! Оған әке керек қой!

Бір-ақ сəтте лайланып сала берді-ау тұнығың;
Бір-ақ күнде қатайып кетті сенің жұлының;
Көз алдымда бұлдырап өтіп барады өмірің...
Не деп сені жұбатам?!
Не айтайын, құлыным...
Асқар таудың бір сəтте шөгетінін кім білген...
Бір-ақ сəтте қайғы-мұң төнетінін кім білген...
Бір-ақ күннің ішінде сəби көңіл шатынап
Өлетінін кім білген...
Ашық күнде көгіңнен қайғы жауып, құлады ар,
Жыламашы демеймін...
Жыла, ботам, жылап ал...
Енді сенің маңдайың - өмір жазған бір дастан
Ауыр оның сұрағы əр...
Кеше ғана бала едің, қайғы-мұңнан басқа əні,
Тағдыр осы...
Бір күнде-ақ сені есейтіп тастады...
Сенің əкең - хас батыр!
Жоқтап шықты түнімен
Ақтөбенің аспаны...
Өр əкенің ұлысың!
Жігеріңді жанығын!
Жетеді оған намысың, ерік-жігер, танымың!
... не деп енді жұбатам, не деп енді алдайын?
Маңдайыңнан сипайын, жыламашы, жарығым...

Өлең авторы: @Индира Кереева

Аза тұтамыз...
Ұмытпаймыз..
Ұлықтаймыз...

аза тұту, лаңкестік, ақтөбе
Марфуға ШапиянМарфуға Шапиян
8 ай бұрын 723
0 пікір